Павлодар облысында жетінші сынып оқушысының өліміне күдікті азамат сот санкциясымен қамауға алынды

ПАВЛОДАР. 9 қараша. ҚазАқпарат - 14 жастағы мектеп оқушысы Настя Шарипова зорланған және өлтірілген Павлодар облысы Евгеньевка ауылында күдіктінің,
None
None

психологтардың, медицина қызметкерлерінің, қоғам өкілдерінің және күдіктінің адвокатының қатысуымен тергеу іс-шаралары жүргізілді, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Куәгерлердің түсініктемесі және сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындылары бойынша қыз баланың өліміне күдікті азаматқа айып тағылды.

Ақсу қаласының соты алдын ала тергеу қорытындыларын қарап шығып, қаза тапқан қыз баланың анасының арызын есепке алып, күдіктіні тыңдап, ҚР ҚК 96-бабы бойынша оны қамауға алуға санкция шығарды.

Бұрын ІІД хабарлағандай, күдікті ұсталған күні, Евгеньевка ауылының мамандандырылғын түзету мектебінің тоғыз сыныбын бітірген, жұмыс істемейтін 20 жастағы тұрғыны, өз қылмысын мойындап, түсініктеме берген.

Соңғы жаңалықтар