08:59, 14 Қаңтар 2010 | GMT +5
Павлодар облысының ауылдарында округ әкімдерінің есеп беру кездесулері өтуде
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Ертіс ауданының алыс елді мекендерінде селолық округтер мен ауыл әкімдерінің халықпен кездесулері өтті.

Әкімдер Қоскөл, Қызылқақ селолары мен Сілеті селолық округінің үш ауылында есеп берді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Атқарушы биліктің жұмыстарына қолдау білдірген қоскөлдіктер ауылда дәріхана ашу және көшедегі жарық жүйесін жақсарту туралы ұсыныстар жасады. Сілетіліктер болса, оларға жастарды салауаттылыққа баулитын спорт әдіскері керек деп санайды. Барлық есеп беру кездесулеріне Ертіс ауданы әкімінің өкілдері қатысты.
Соңғы екі күнде Павлодар облысында селолық округ әкімдерінің164 есеп беру кездесуі өтіп, оған 8 144 адам қатысты. Жұртшылық тарапынан 204 ескерту мен ұсыныс-тілектер айтылды.