Павлодар облысының полициясы бала ұрлау туралы жалған ақпарат таратушыларды іздеп жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - WhatsApp мессенджерін пайдаланушылар арасында Екібастұзда бала ұрлау әрекеті болды деген ақпарат тарап, арнайы жоспар жарияланды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Мессенджер арқылы таралған ақпарат расталған жоқ. Полицейлер жалған ақпаратты таратқан адамды анықтау шараларын жүргізуде.

Мұндай әрекет жалған ақпаратты тарату болып табылады, сондай-ақ ҚР ҚК 274-бабында (қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат тарату немесе азаматтардың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделеріне не заңмен қорғалатын қоғам немесе мемлекет мүддесіне елеулі зиян келтіру)  көзделген қылмыстық жауапкершілікті қамтиды.

Бұл баптың санкциясы ретінде 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар