Павлодар тұрғындары жасақшылар қатарын толықтыруда

ПАВЛОДАР. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодарда 540 қалалық тұрғын құқық тәртібін қорғау бойынша қоғамдық жасақтар құрамын толықтырды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Жыл басынан бері полицейлерге «Каустик» АҚ, «Тарлан Секьюрити» ЖШС-нің қызметкерлері, ПМУ-нің және қаланың 16 колледжінің оқытушылары мен студенттері, «Трамвай басқармасы» және тағы ондаған кәсіпорындар көмектесуде.

Облыс орталығында қоғамдық жасақтардың қызметін үйлестіру штабы жұмыс істеуде. Полицияның учаскелік пунктерінде 18 қоғамдық кеңес құрылды.

«Жасақшылар көшелерді патрульдеп, бізге шақыртулар мен азаматтармен әңгімелесу кезінде көмектесуде. Тәртіп қорғауға белсенді қатысып отырған қоғамдық көмекшілер ақшалай сыйақылар мен еңбек демалысына қосымша күндер алады», - деп атап өтті қалалық ІІБ Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бибол Жұманов.

Соңғы жаңалықтар