Павлодарда 20 жастағы қыздың өмірін қиған такси жүргізушісі ұсталды

деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
Павлодар ІІБ-ға 20 жастағы қыздың жоғалып кеткендегі жайлы арыз 7 қазан күні түскен. Төрт күннен кейін оның мәйіті ЖШС бірінің аумағынан табылды.
Тергеу көрсеткендей, зардап шеккен қыздың апасының отбасымен бірге тұрып, қаладағы дәмханалардың бірінде даяшы болып істегені белгілі болды.
Дәмхана жұмысшыларының сөзіне қарағанда, өз жұмысын аяқтаған қыз такси шақыртып, белгісіз бағытқа кеткен.
Такси жүргізушісі осы оқиғаға байланысты күдікке алынды. Оның айтуынша, жол бойы сөйлесіп келген, дүкенге кіріп спирттік ішімдіктер алып, гаражда бірге ішпек болған. Көңілді отырыстан кейін екеуінің арасында жанжал шыққан. Ол қыздың ішіне пышақ сұғып, оны тұншықтырған. Кейін үстіндегі киімдерін шешіп алып, оларды қапқа салып, жылу трассасы аумағына апарып тастаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.