Павлодарда алғаш рет су патрулі іске кірісті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өзенінде полицейлердің моторлы қайығын патруль жүргізетін болады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің бастамасымен өзен аумағында және су жағасында заңсыз балық аулаушылар, демалып жатқан азаматтар арасында құқық бұзушылықты ескерту мәселелерінің шешімі осылай табылды.

Жазғы кезеңде қалалық жағалауларға халық көптеп жиналады. Көбіне азаматтар демалыста спирттік ішімдіктерді ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзады. Облыстық ішкі істер департаменті ТЖД бірлесіп, ұқсас фактілерді анықтау және жолын кесу кезінде әрекет ету алгоритмін әзірледі. Сондай-ақ бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу туралы келісімге келді. Алғаш рет суға жіберілген полиция шағын кемесі GPS-навигатормен, белгі беретін дауыс зорайтқыш құралымен, жарықтың жылтылы және айырғыш белгілермен жабдықталған. «Windboal-47» моторлы қайығымен бес қызметкер бір мезетте кезекшілік атқара алады. Бүгінгі күні үш полиция қызметкері қайықты жүргізу бойынша курстан өтті.

 Айта кетейік, Павлодар облысы әкімімен 2018 жыл - «экология жылы» деп жарияланған болатын. Енді жазғы және күзгі кезеңде тәртіп сақшылары ТЖД бірлесе отырып, Ертіс жиегінде рейд жүргізеді. Қазіргі уақытта іс-шара «Нерест-2018» республикалық акция аясында өткізілуде. 
null 

Соңғы жаңалықтар