21:41, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Павлодарда ҚАЖ қызметкерлеріне «Нұрлы жолдың» негізгі бағыттары түсіндірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалының өкілдері қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Онда Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.
Бұл туралы Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінен хабарлады.
Облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Нұрханова өз сөзінде Президент Жолдауының елдің нақты міндеттері және оны іске асыру жолдары көрсетілген бірегей құжат екеніне тоқталды. Әсіресе, әлеуметтік бағдарламаларға баса ден қойылғандығын айтып өтті.
«Оған денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, білім беру жүйесін дамыту және т.б жатады».
Сондай-ақ депутат Жолдаудағы Қазақстанның негізгі даму бағыттарын түсіндіріп берді.