Павлодарда көктайғаққа байланысты екі бірдей республикалық жол жабылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Автожолдардың «Екібастұз –Ақмола облысының шекарасы», «Шідерті — Қарағанды» учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысы шектелді.

Павлодарда көктайғаққа байланысты екі бірдей республикалық жол жабылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар облысы бойынша бірнеше республикалық жолда автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылды.

— Жаңбыр жауып, жолдарда көктайғақ түзілуіне байланысты бүгін кешкі сағат 20:20–дан бастап кейбір автожолдарда барлық автокөлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылды. Атап айтқанда:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135 — 1206 шақырымдар аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін);

— «Астана — Шідерті — Павлодар — Успен — РФ шекарасы» автожолының 200-308 шақырымдар аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Екібастұз қаласына дейін), — деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Автожолдардағы шектеулер шамамен 13 желтоқсан таңғы сағат 6.00-ға дейін күшінде сақталады.

Бұған дейін ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар