Павлодарда көлік терезесінен аяғын сыртқа шығарып жүрген қыз айыппұл төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда осыдан бір апта бұрын Лермонтов көшесі бойымен келе жатқан Лексус автокөлігінің иесі қасындағы жолаушысының көлік терезесінен аяғын шығарып қойғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«Көлік иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабы, 1 тармағы - «жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзу» бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды», - деп облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетсек, «Тәртіпсіз жүргізуші» айдарына аталмыш видеоны оқиғаға куә болған азамат жіберді.

Соңғы жаңалықтар