Павлодарда құны 18 млн теңге болатын вейптер тәркіленді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Екібастұздағы пәтерлердің бірінен полицейлер 2500-ға жуық электронды темекі  тауып алды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сатып, таратқаны үшін 20 жастағы жігіт ұсталды.

Павлодарда құны 18 млн теңге болатын вейптер тәркіленді
Фото: Павлодар облысы ПД

Полицейлер вейптерді Екібастұз қаласы Шешембеков көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінен тапқан. Заңсыз тауардың партиясы кейіннен сатуға арналғаны анықталған. Күдікті танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып жарнамалаған әрі интернет-дүкен арқылы вейптерді өткізіп келген. Электронды темекіні заңсыз сатып, таратты деген күдікпен 20 жастағы азамат полицияға жеткізілді. 

Павлодар облысы ПД
Фото: Павлодар облысы ПД

- Жалпы саны 2,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді. Заңсыз құралдардың жалпы сомасы 18 млн теңге. Қазіргі уақытта жанбайтын темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаментінен.

Еске сала кетейік, құрамында никотині бар вейп сұйықтарын сатқан елорда тұрғыны сотталды.

Соңғы жаңалықтар