17:41, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
Павлодарда солдаттар өз өмірін тәуекелге тігіп, қылмыстың алдын алды
ПАВЛОДАР. 29 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Ішкі әскері № 5512 әскери бөлімінің солдаттары «Қоғамдық тәртіпті қорғағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қала көшелерінде күзетте жүріп, лейтенант Дидар Сыздықов, кіші сержант Андрей Руденко, солдаттар Ермек Жақсыбаев және Нұрлан Баймағанбетов автотұрақтардың бірінің жанында белгісіз ер адам күзетшіні тапаншамен қорқытуда деген хабар алды. Әскери қызметкерлер оқиға орнына жедел жетіп, өз өмірлерін тәуекелге тіге отырып, құқық бұзушыны ұстады. Ұсталған адамнан 4,5 мм. калибрлі МР-654К тапаншасы тәркіленді.
Көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін солдаттарға алғыс жарияланды, Олардың бірі «ефрейтор» әскери атағын алды, екіншісі қысқа мерзімді демалысқа жіберілді.