13:21, 16 Қазан 2013 | GMT +5
Павлодарда такси жүргізушісі даяшы қызды зорлап, қылмысын жасыру үшін өлтірген
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Павлодарда такси жүргізушісі 20 жастағы қызды зорлағанын жасыру үшін оны өлтірген.

Бұл туралы апта сайын Астанада өтетін брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Павлодарда криминалды полиция қызметкерлері жекеменшік такси парктерінің бірінің 23 жастағы такси жүргізушісін ұстады. Ол жергілікті дәмхананың 20 жастағы даяшысын өлтірген», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.
Н.Ораздың сөзіне қарағанда, пышақ жарақатын алған қыздың мәйіті қаланың 11 қазан көшесінен табылған. «Белгілі болғандай, қылмыстық істі тергеу барысында қылмыскер зардап шегушіні зорлағанын жасыру үшін оны өлтіргендігі анықталды», - деп түсіндірді ҚР ІІМ ресми өкілі.