Павлодарда тоңазытқыштың кесірінен жетінші қабаттағы пәтер өртенді (ВИДЕО)

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында Сəтбаев көшесі, 253 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйден өрт шықты.

 Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Құсайынованың айтуынша,  жетінші қабаттағы пәтерлердің бірінде орын алған өрт төрт шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

 «Алдын ала мəліметтерге қарағанда, тілсіз жау ас үйде тұрған тоңазытқыштың тұйықталуынан шыққан. Бүгін таңертең шамамен сағат жетіде тұтанған жалынды  өрт сөндірушілер бір сағаттың ішінде ауыздықтады. Тілсіз жау көрші баспаналарға жетпеген. Алайда өрт шыққан пәтердің ас үйдегі ағаш жиһаздар мен  балконы күлге айналған», - дейді А. Құсайынова.
null

 

Соңғы жаңалықтар
telegram