Павлодарда ұрлық жасағаны үшін екі шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды

ПАВЛОДАР. 4 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар қаласы ІІБ кезекші бөліміне 40 минут өткеннен кейін екі рет ұрлық жасалғаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Әуе кассасының кеңсесінен екі жас жігіт 40 мың теңгені ұрлаған. Сонымен бірге ер адамдар дүкеннен де 20 мың теңге ұрлаған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмысты жасады деген күдікпен 1986 және 1987 жылы туған Иран Республикасының азаматтары ұсталды. Ұрлық жасау фактілері туралы 26 жастағы шетел азаматы ұрлықты жасағанын толығымен мойындады.

Дәл сол күні жәбірленушілерден татуласу және толық көлемде залалдың орны толтырылуына байланысты қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы арыз келіп түсті.

Павлодар қаласының соты ұсталған адамдарды ҚР шекарасынан шығарып жіберу туралы шешім шығарды. Қолданыстағы заңнама негізінде оларға бес жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар