Павлодардағы иесіз саяжайларды тұрғылықты жері жоқ адамдар иеленіп алған

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Полиция жүргізген арнайы рейдтер барысында иесіз тұрған 50-ден астам саяжай анықталды. Бағбаншылықтарда жалпы саны 13 заң бұзушылық тіркелді.

Павлодардағы иесіз саяжайларды тұрғылықты жері жоқ адамдар иеленіп алған
Фото: Павлодар облысы ПД

Бұған дейін жергілікті бағбандар тұрғылықты жері жоқ адамдардың саяжайларды тонап жатқанына шағымданған еді. Қаңғыбастар топтанып арақ ішіп, саяжайларда тұрған мүлікті жымқырып кетеді. Ал иесіз тұрған саяжайларды жататын орынға айналдырып алған. Полицейлер тұрғындардың шағымына құлақ түріп, «Металлург», «Яблонька», «Оңтүстік» бағбаншылықтарына рейд жүргізді. 

Павлодар облысы ПД
Фото: Павлодар облысы ПД

«Тәртіп сақшылары саяжай алқаптарын аралап, иесіз тұрған 50-ден астам саяжай телімдерін анықтады. Жалпы саны 13 заң бұзушылықтың жолы кесілді. Жеті адам мас күйінде ұсталса, қолға түскен тағы тоғыз адамның тұрғылықты жері жоқ екені белгілі болды. Барлық заң бұзушылармен әңгімелесулер жүргізілді», - деп хабарлады Павлодар қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Саяжайлар бойынша рейдтер әлі де жалғасып жатыр. 

Павлодар облысы ПД
Фото: Павлодар облысы ПД

Еске сала кетейік, былтыр Павлодарда 527 саяжай учаскесі жанып кеткен. 

Ал су тасқынынан соң Орал қаласында 350-ден астам саяжай үйі тұруға жарамсыз.

Соңғы жаңалықтар