Павлодарлық полицейлер көпірден секірмекші болған жүкті әйелді құтқарып қалды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодарда полиция қызметкерлері көпірден секірмекші болған әйелді ажалдан арашалап алды. Құтқарылған жанның жүкті екені анықталды. 

Павлодарлық полицейлер көпірден секірмекші болған жүкті әйелді құтқарып қалды
Фото: Видеодан алынған скрин

102 операторына бейтаныс әйелдің Усолка өзеніндегі көпірден секірмекші болғаны туралы куәгерден қоңырау түскен.

— Оқиға орнына дереу Павлодар қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Талғат Қамзин мен Еламан Кәрімов жіберілді. Полиция қызметкерлері көпірде отырған әйелді байқады. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында олар қауіпті жағдайда тұрған әйелді құтқарып, жағаға жеткізді. Ол жерде алғашқы көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Павлодарлық полицейлер көпірден секірмекші болған жүкті әйелді құтқарып қалды
Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

Полиция департаментінде атап өткендей, тәртіп сақшылары күн сайын өз қызметтерінде азаматтарды қылмыстық әрекеттерден қорғап қана қоймай, қиын жағдайға тап болған жандарға да көмек көрсетеді.

Еске сала кетейік, Оралда жас қыз көпірден Жайық өзеніне секіріп кетті

Соңғы жаңалықтар