18:15, 01 Ақпан 2016 | GMT +6
Павлодарлық полиция жаяу жүргіншілерге арналған жолда екі бойжеткенді қағып кеткен жүргізушіні анықтады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар полициясының қызметкерлері іздеу шараларын өткізу кезінде 30 қаңтарда жаяу жүргіншілерге арналған жолда екі бойжеткенді қағып кеткен жол-көлік оқиғасына кінәліні анықтады, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны Естай көшесімен «Мерседес» маркалы көлікпен келе жатып, жолдан өтуге рұқсат етілген жерде екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Тәртіп сақшылары жүргізуші мен жол-көлік оқиғасы туралы кеше YouTube-та «Кәдімгі Павлодарда» жарияланған роликтен білді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған фактімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 610-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.