17:02, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Павлодарлық спортшылар өткен жылы республикалық жарыстарда 833 медальға ие болды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың есептік кездесуінде спортқа қатысты мәселе де қозғалды. Аймақ басшысы бір жылда облыста 20 спорт құрылымы іске қосылғанын атап өтті.

Қ.Бозымбаев келесі аптада Ақсу қаласында демеушілердің қаражатына жабық хоккей корты ашылатынын айтты. Сонымен қатар, биыл Усольский шағын ауданында 50 метрлік олимпиадалық бассейннің құрылысы басталады. Демеушілер құрылысқа 600 млн. теңге бөлуге келіскен.
Павлодарлық спортшылар біраз жетістікке жетті.
«Хоккейшілеріміз Қазақстан бойынша ерлер арасындағы шайбалы хоккей сынынан үшінші рет алтын медальға ие болды. «Павлодар» және «Иртыш-Казхром» волейбол клубтары күміске қол жеткізді. «Иртыш-ПНХЗ» әйелдер баскетбол командасы Республика чемпионатында үшінші орыннан көрінді, -деп атап өтті облыс әкімі.
Жалпы өткен жылы облыс спортшылары республикалық сындарда 833 медаль иеленген.