Педагогтерге арналған республикалық байқау басталады
АСТАНА. KAZINFORM — 1 маусымнан бастап «Педагогикалық идеялар панорамасы — 2025» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Жыл сайын өтетін республикалық байқаудың шартына биыл өзгеріс енгізілді.
— Енді өңірлік кезеңге қатысу үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Алдымен педагог өзінің идеясын жазбаша негіздеп, мазмұны мен өзектілігін сипаттауы қажет. Ал республикалық кезеңге өткен соң, педагогикалық идеяны бейнематериал ретінде ұсынуы тиіс, — деп түсіндірді министрлік.
Материал бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға ұсынылмаған және авторлық құқықты сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт. Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады.
Конкурс ережелерімен толығырақ танысу үшін https://ppi.orleu-edu.kz сілтемесіне өту қажет.
Бұған дейін педагог кадрлар қажеттігін болжау әдістемесі қолданысқа енгізілетіні анықталды.