Пентагон «жедел соққы» қаруын жасауға 1 млрд доллардан астам қаражат жұмсамақ

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Пентагон Lockheed Martin қорғаныс корпорациясына 1 миллиард доллардан астам сомаға жедел соққы жүйесінің түрлендірілген нұсқасын әзірлеуге тапсырыс берді, деп хабарлайды ТАСС

Пентагон
Фото: CC BY 2.0 / gregwest98 /

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Lockheed Martin толық қызмет көрсету кешеніне тапсырыс алған. Оған бағдарламаны басқару, инженерлік әзірлемелер, жүйелерді біріктіру, сондай-ақ Conventional Prompt Strike («Конвенционалды жедел соққы») жүйесіне арналған зымырандар мен ұшыру құрылғыларын өндіруге қажетті материалдар, құралдар мен жабдықтарды сатып алу кіреді.

Бұған дейін бұл қорғаныс компаниясы автономды басқару жүйесімен жабдықталған және ұшқышсыз ұрыс жүргізе алатын бесінші буын F-35 жойғыштарын жаңғырту жоспары барын мәлімдеген болатын.

Айта кетелік Пентагон құпия ақпараттың тарағанын жоққа шығарған еді

Соңғы жаңалықтар