Перизат Қайрат ісі: Biz birgemiz қорының құрылтайшылары хаттамаға қол қоймағанын айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты сот отырысында куәгерлерден жауап алынып жатыр.

перизат кайрат
Коллаж: Kazinform

Сот барысында куәгерлердің бірі Сергей Матюшенкодан жауап алынды. Ол - бұрын «Жас Отан» жастар қанатында (сол кездегі Nur Otan партиясының жанындағы) волонтер болған және «Biz birgemiz Qazaqstan-2030» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшыларының бірі ретінде көрсетілген тұлға.

- Перизат Қайрат пандемия кезінде қайырымдылықпен белсенді айналысты, яғни маска таратып, отбасыларға көмек көрсетті. 2021 жылы Перизат мені кеңсеге шақырып, бірлестікті құру туралы хаттаманы тапсырды. Құжатта тұлғалардың аты-жөні мен қолтаңбалары алдын ала қойылып тұрған еді. Менің құрылтайшы болуға келісімімді сұрап, қол қоюымды ұсынды, - деген түсінік берді Сергей Матюшенко.

Алайда куәгер екінші хаттамаға қатысы жоғын айтып, құжатқа қойылған қолды үзілді-кесілді жоққа шығарды. Одан әрі күдікті Перизат Қайрат пен куәгер Сергей Матюшенконың арасында кішігірім диалог жүрді.

– Сергей, сен екінші хаттамаға қол қойған жоқсың ба? Қазір менің тағдырым шешіліп жатқанын түсінесің бе? 

– Перизат, мен екінші хаттамаға қол қойған жоқпын.

Одан бөлек, сот тергеуі барысында «Biz birgemiz Qazaqstan-2030» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы ретінде жауап берген тағы екі куәгер хаттамадағы қолды мойындамады, яғни олар хаттамаға қол қоймаған.

Сот отырысы жалғасып жатыр.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайрат пен оның анасына тағылған айыптарды тізбектеп шықты. 

Судья сұрағына жауап берген Перизат Қайрат айыптар негізсіз тағылды деп, мойындамайтынын жеткізді. 

бұрынғы «Nur Otan» (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған, Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің есімін атап өтті.

Мемлекеттік айыпталушы Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева 3,5 млрд теңгенің қайда жұмсалғанын тізіп берді.

Айта кетсек, бұған дейін де Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптармен келіспеді. 

Сондай-ақ Перизат Қайрат тергеу изоляторы қызметкерлерінен жәбір көргенін айтқан еді. Артынша елорда полициясы тергеу изоляторында болған жайттың видеосын көрсетті. 

Белгілі болғандай, Перизат Қайраттың соты ішінара жабық өтеді. 

Бұған дейін елордада Перизат Қайраттың ісіне қатысты алдын ала сот отырысы өтті. 

Биыл 30 маусымда Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді. 

Еске салайық, еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны 2024 жылы 14 қарашада белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар