Песков Ресей бітімгершілік күштерінің Қарабақтан шығарыла бастағанын растады

Песков Ресей бітімгершілік күштерінің Қарабақтан шығарыла бастағанын растады
Фото: Сергей Карпухин/ ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейлік бітімгергерлер Қарабақтан  шығарыла бастады. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

«Иә, бұл рас», - деп жауап берді Кремль өкілі журналистердің әзербайжандық БАҚ-тың Қарабақтан ресейлік бітімгершілік күштерінің шығарыла бастағаны туралы ақпаратын растау туралы өтінішіне.

Trend өткен күні әлеуметтік желілерде Ресейдің бітімгершілік контингентіне тиесілі әскери техниканы Әзербайжаннан шығару процесі көрсетілген кадрлар пайда болды деп жазды. Бірақ бұл туралы ресми пікір болған жоқ.

10 сәуірде Ресей бітімгерлері Калбаджардағы Худавенг монастырь кешенінен кетті. Қазіргі уақытта оны Әзербайжан полициясы күзетеді.

Соңғы жаңалықтар