Петропавл тұрғыны полимерлі балшықтан ерекше қуыршақтар жасайды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Петропавл тұрғыны Евгения Крутевич балалық арманын іске асырып, қуыршақ шеберханасын ашты.

Петропавл тұрғыны полимерлі балшықтан ерекше қуыршақтар жасайды
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Бұған дейін жұмсақ жиһаз жасайтын цехта шебер, жаңа дизайндарды ойлап табушы болып жұмыс істеген келіншек биыл жаңа жылда жаңа кәсіпті қолға алады. 

- Қуыршаққа жастайымнан әуеспін. Өскенде қуыршақ фабрикасында жұмыс істеймін деп армандайтынмын. Үйде қуыршақтарым өте көп болды, мен оларға киім-кешекті өзім тігетінмін. Шаштарын жөндеп, түрлі костюмдер ойлап тауып, әуре болып жүретінмін.

Басқа жұмыста істесем де балалық арманымды бір сәт ұмытпадым. Бұл іспен қаңтар айынан бастап айналыса бастадым, - дейді шебер.

Петропавл тұрғыны полимерлі балшықтан ерекше қуыршақтар жасайды
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Қуыршақтарды жасауға сапалы, қымбат материалдарды қолданады. 

- Ең алдымен қуыршақтың басын жасаймын. Одан кейін қаңқасы жасалады. Оған сымды қолданамын, қол-аяғы қимылдайды. Басы да қозғалады, шарнирге орнатылған.

Қуыршақты жасау үшін кітаптың, интернеттің көмегіне жүгінуге тура келіп жатады. Мәселен, қарақшының костюмін тіккенде сол заманда қалай киінгенін зерттедім, кейбірін ойымнан қостым.

Акссессуарларын да ұмытпаймын, бұл қарақшының саусағында жүзігі де, тапанша мен қылышы да бар, Бұл жұмыста ең қиыны – басын жасау, сәйкестікті сақтау керек. Кейін полимерлік балшықты дұрыс қыздыру қажет. Оның да өз уақыты және температурасы бар. Одан кейін бірнеше кезеңмен тегістейміз, - дейді Евгения Крутевич. 

Петропавл тұрғыны полимерлі балшықтан ерекше қуыршақтар жасайды
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Шебер бір қуыршақты жасауға ең кемінде екі апта уақытын жұмсайды.

- Бұл – сәйгүлік үстіндегі бозбала. Астындағы атын полимер балшықтан жасадым. Ер-тұрман, жүгенін істеуге таза былғарыны қолдандым. Басындағы малақайы, киімі күзен терісінен тігілді.

Алғаш рет жануарды істедім. Ойымда жүрген әлі талай жоба бар, жылқы малы ұнайды, сол себепті бұл түліктің әлі түр-түрін істеймін.

Әзірге ат қойған жоқпын. Әдетте, қуыршақтарыма ат беремін, мына сұлудың аты – Айгүл. Ертегі кейіпкерлерін жиі жасаймын, - дейді Петропавл тұрғыны.

Петропавл тұрғыны полимерлі балшықтан ерекше қуыршақтар жасайды
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform

Евгения Крутевич қуыршақтар коллекциясын әлі де толықтырып, авторлық көрмесін жасауды армандайды. 

Бұған дейін Жаңаарқа шеберлері Қазақстан рекордтар кітабына енгенін жазған едік.

Петропавл тұрғыны полимерлі балшықтан ерекше қуыршақтар жасайды
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform
Соңғы жаңалықтар