Петропавлда 24 қыркүйектен бастап жылыту маусымы басталады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавл қаласының әкімдігі жаңа жылыту маусымын бастау туралы қаулы қабылдады. 

Петропавлда 24 қыркүйектен бастап жылыту маусымы басталады
Фото: gov.kz

Петропавл қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қыркүйектен бастап алдымен әлеуметтік нысандарға – мектептерге, балабақшаларға, медициналық мекемелерге жылу беріледі. Бұдан кейін тұрғын үйлер мен басқа да ұйымдарға қосылады.

Қалалық әкімдік қосылу барысы туралы ақпаратты қосымша хабарламақ. 

Естеріңізге салайық, Петропавлда жылыту маусымы былтыр 30 қыркүйекте басталған еді. 

Сондай-ақ Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу үшін үш күн қатарынан тәуліктік орташа ауа температурасы +10°С немесе одан төмен деңгейде болуы тиіс екенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар