Петропавлда 37 жастағы қала тұрғыны тыл еңбеккерін тонады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл полицейлері тыл еңбеккерін тонауда күдікті 37 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
None
None

«Полицияға Петропавлдың 20-шы шағынауданында талтүсте зейнеткер әйел тоналғаны туралы телефон хабарламасы келді. 80 жастағы әжей, тыл еңбеккері сол күні пошта ғимаратында зейнетақысын алып, өз пәтеріне көтерілгенде, оған белгісіз адам шабуыл жасап, қолындағы пакетті жұлып қаша жөнелді. Пакеттің ішінде зейнетақы салынған әмиян мен сатып алған заттар болған. Есін жинаған соң зейнеткер бірден 102 нөміріне хабарласты», - делінген хабарламада.

Бірінші бөлімнің қылмыстық полиция қызметкерлері жедел-іздеу шараларын өткізіп, соның арқасында тонаушылық жасауда күдікті танылған адам ұсталды. Кейін оның есірткіге тәуелді екені, оған қоса, бұрын мүліктік қылмыстары үшін талай рет сотталғаны белгілі болды.

Ұсталған 1978 жылғы ер адам Петропавл тұрғыны болып шықты. Бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін түрмеде отырған.

Қазіргі уақытта бұл азамат қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау абақтысына қамалды. Зейнеткер әйелді тонау кінәсін толық мойындап отыр. Ұрлаған ақшаны бірден жеке мүддесі үшін жұмсағанын айтты. Аталған фактімен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар