Петропавлда биыл 3 балабақша салу жоспарланып отыр

«Петропавл қаласында 2016 жылы әлеуметтiк әрiптестiктi тарту аясында мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк бағдарламасы бойынша 370 орынға шақталған 3 балабақшаның құрылысы жоспарлануда», деп атап өтті қала әкімі.
Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Строительная-Мир көшесiндегi 320 орынға шақталған балабақшасының құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, Рига-Набережная-Айыртау көшелерiнiң қиылысында 200 орынға шақталған балабақша тұрғызылып жатыр.
Облыс орталығындағы 2015 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуы жайында баяндаған Марат Тасмағанбетов облыстық орталықта құрылыс индустриясын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасы, азық-түлiк бағытында 7 жоба жүзеге асырылғанын баяндады. 2016 жылы «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша инвестиция көлемi 5,5 млрд. теңге болатын 12 жобаны жүзеге асыру жоспарлаған. Жоба аясында 500 жұмыс орны ашылады.