Петропавлда қала әкімінің халықпен алғашқы кездесуі өтті

ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Петропавлда қала әкімі Ерік Нұрақаевтың халықпен алғашқы кездесуі өтті.
None
None
Кездесуге Борки, Новопавловка, Кірпіш зауыты, Солнечный кенттерінің және облыс орталығындағы бірнеше шағын аудандардың тұрғындары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қала әкімі атап айтқанындай, өткен жылы осы шағын аудандардың тұрғындарымен болған кездесуде айтылған 20 ұсыныстар мен ескертпелердің 18-і орындалған. Атап айтқанда, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, 12 заңсыз қоқыс үйінділерінен тұрмыстық қалдықтар шығарылды, магистралдық жылу жүйелерінің бір бөлігі алмастырылды.Есеп беру кездесуіне даярлық барысында осы шағын аудандардың тұрғындарынан 27 ұсыныс түсті. Мысалы, олардың бірі ? тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарын барынша тиімді шешу үшін ірі пәтер иелерінің кооперативтеріне бірігуге қатысты болды.Осы және басқа да сұрақтарға тиісті қызметтер мен ұйымдардың басшылары егжей-тегжейлі жауап берді.
Соңғы жаңалықтар