Петропавлда қайтарылған активтер есебінен заманауи балабақша ашылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражатқа Петропавлда жаңа балабақша ашылды.

Балабақша
Фото: СҚО әкімдігі

СҚО прокуратурасының мәліметінше, екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 3 мың шаршы метр. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі жоғары стандарттарға сай салынған.

балабақша
Фото: СҚО әкімдігі

Мұнда білім берудің басты ерекшелігі - әр топта жасанды интеллект элементтері бар жүйелер енгізілген. Интерактивті технологиялар бүлдіршіндерге сабақтарды ойын түрінде өткізуге мүмкіндік береді, олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, жобалау және нысанды салу кезінде балалардың қауіпсіздігі мен жайлылық талаптары бірінші орынға қойылды.

балабақша
Фото: СҚО әкімдігі

Бүгінгі таңда облыста қайтарылған активтер есебінен білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Бұл жобалардың орындалу барысын СҚО прокуратурасы бақылауға алған. 

Бұған дейін СҚО-дағы Бірлік ауылына қайтарылған активтер есебінен ауыз су тартылғанын жазған едік. 

балабақша
Фото: СҚО әкімдігі
балабақша
Фото: СҚО әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар