Петропавлда өртеніп жатқан үйден әйел құтқарылды
Петропавлда өрт сөндірушілер әйелді өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Kazinform.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар түнгі уақытта түскен.
«Түнгі сағат 02:05-те көршілерден Петропавлдың 2 қабатты тұрғын үйінің пәтерлерінің бірінде өрт шыққандығы туралы қоңырау түсті. 4 минуттан кейін келген өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы пәтерге кірді. Әйел бумен түтіндеп жатқан диванда жатты. Кіші сержант Арман Қасымов әйелді көтеріп алып терезеден шығарды, оны өрт сөндіруші-құтқарушы Болат Ахметов төменнен көтеріп алады», - деді ТЖМ баспасөз қызметінен.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатқанда кіреберістен 10 адам, оның ішінде 3 жасар бала эвакуацияланды. Пәтер иесі есін жинады. Өрттің шығуына темекіні сөндірмей ұйықтау себеп болған.