Петропавлда полицейлер өзенге батып бара жатқан студентті құтқарып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл тұрғынының қырағылығы мен полицейлердің ерлік әрекеті 19 жастағы студенттің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

 «Өткен демалыс күндері түнде Всеволод Кондратенко Есіл өзені жақтан көмекке шақырған дауысты құлағы шалады да дереу «102» нөміріне хабарласады. Оқиға орнына жеткен Петропавл ІІБ жол-патрулдік полициясы батальонының қызметкері сержант Арман Тасжанов пен кіші сержант Нұрсұлтан Дәуренбеков бірінші болып оқиға орнына жетеді. Олар ойланбастан суға секіріп кетеді, бірақ өкінішке орай, суға батқан адамды бірден таба алмайды. Дала қараңғы. Тек айғайлаған дауыс қана естіледі. Полицей шақырған қалалық фонарь жарығымен өзен маңын жарықтандыруға жәрдемдесті. Көмекке тағы екі полиция қызметкері - аға сержант Медет Сәрсекеев пен полиция сержанты Аслан Белгібаев келді», - делінген хабарламада.

Жас жігіт қамысқа жармасып жан сақтаған, бірақ әлсіреген сәтте, суға басы кіріп кете берген. Полицейлер оны денесі суып, жартылай ессіз қалған күйде жағалауға шығарды.

2 

Соңғы жаңалықтар