Петропавлда су тасқыны кезінде жоғалған ер адамның денесі табылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда бір ай бұрын жоғалған қала тұрғынының денесі тасқын су басқан ықшам ауданнан табылды.

батып кетті
Фото: Pexels

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 сәуір күні Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны із-түссіз жоғалған еді. 

12 мамыр күні сүңгуірлер ер адамның денесін алып шықты. Мүрдеде зорлық белгілері болмаған, ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 

Естеріңізге салайық, Петропавлда 12 сәуірден бастап Есіл өзенінің суы көтеріліп, тек 22 сәуірден кейін ғана түсе бастады

Жалпы СҚО бойынша 3 мыңнан астам үй су астында қалды. Петропавлда саяжайдағы үйлері суға кеткендерге де біржолғы төлем берілетін болды. 

Қазіргі уақытта арнайы құрылған мехбригадалар тасқынның салдарымен күресіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар