Петропавлда су басу қаупі жоғары Заречный кенті тұрғындарына жаңа пәтерлер берілді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавлда жылда көктемде су басу қаупі бар Заречный кенті тұрғындарының алғашқы легіне жаңа екі-үш бөлмелік пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табыс етілді.

баспана
Фото: СҚО әкімдігі

«Жас Өркен» шағын ауданында қолданысқа берілген көпқабатты үй осы мақсатта арнайы салынған. Бұл жолы 40 тұрғын баспаналы болса, тағы 50 отбасы жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алмақ. 

Петропавлда су басу қаупі жоғары Заречный кенті тұрғындарына жаңа пәтерлер берілді
Фото: СҚО әкімдігі

— Тәуелсіздік күнінде облыс орталығында «Жас Өркен» шағын ауданында 90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл су тасқыны қаупі бар аймақта көп жыл бойы тұрып келген халық үшін маңызды оқиға. Негізгі мақсат — тұрғындарға жайлы жағдай жасап, қауіпсіз аумаққа көшіру. Бұл жұмыс келер жылы да жалғасатын болады, — деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Петропавлда су басу қаупі жоғары Заречный кенті тұрғындарына жаңа пәтерлер берілді
Фото: СҚО әкімдігі

Заречный кенті тұрғындарының тағы бір бөлігі жаңа баспанаға жазда кірмек. Қазір 72 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 

Петропавлда су басу қаупі жоғары Заречный кенті тұрғындарына жаңа пәтерлер берілді
Фото: СҚО әкімдігі

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, жоспарда 117 пәтерлі тұрғын үй құрылысы да бар. Ол да «Жас Өркен» шағын ауданында салынып, күзге дейін қолданысқа берілмек.

Бұған дейін Ақмола облысында суда құтқару станциясы ашылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар