Петропавлда үш мектептің сегіз сыныбы ЖРВИ мен тұмауға қатысты қашықтан оқуға жіберілді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда мектеп оқушылары арасында жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар саны артты.

дистанционное обучение қашықтан оқыту дети компьютер балалар
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Осыған орай бірқатар білім беру ұйымында жекелеген сыныптар уақытша қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың ішінде М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі бар. Бұл оқу орнында 3 сынып онлайн форматқа ауыстырылды. Мәселен, 1 «Ә» сыныбындаға 23 оқушының 9-ы ауырған, 1 «Б» сыныбындағы 24 оқушының 18-і және 8 «Б» сыныбындағы 24 оқушының 10-ы ауырып жатыр. Бұл мектепте қашықтан оқыту 18 қараша басталып, 25 қарашаға дейін созылмақ. 

Петропавлдағы №4 орта мектепте де 3 сынып 19-26 қараша аралығында қашықтан білім алады. Мұнда мектепалды даярлық тобындағы 14 оқушының 10-ы, 7 «А» сыныбындағы 24 оқушының 15-і және 1 «Ә» сыныбындағы 8 оқушының 6-ы ауырған. 

Қашықтан оқуға Петропавлдағы Бірінші гимназияның 2 сыныбы да кетті. Мұндағы 5 «В» сыныбындағы 23 оқушының 14-і және 9 «А» сыныбындағы 24 оқушының 10-ы ауырып жатыр. Әзірге бұл білім ордасында онлайн оқыту 21 қарашаға дейін бекітілді. 

Қашықтан оқыту форматына Павлодар өңірі бойынша 150 сыныптың оқушылары көшірілген.

Сондай-ақ министр Әлназарова бастауыш сыныптар қандай жағдайда қашықтан оқуға көшетінін айтты.

Бұған дейін СҚО-да «гонконг тұмауын» жұқтырғандар саны көбейіп бара жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар