Польша байқаушысы: Сайлау әділ әрі ашық өтіп жатыр

Виолетта Поровска Алматыдағы 3 ашық, 1 жабық учаскеде байқаушы болды.
«Қазақстандағы сайлауға барлық дерлік сайлау учаскелері өте жақсы дайындалған. Халықаралық байқаушылардың жұмысына ешқандай шектеу қойылмаған. Біз бір-бірімізге сұрақ қойып, барлық процесті бақылап отырдық. Мен бір учаскеде 47-ші байқаушы болып қатыстым. Яғни, бұл сайлауды көп елдің байқаушылары бақылап отыр деген сөз. Сайлау әділ әрі ашық өтіп жатыр», - деді Виолета Поровска.
Халықаралық бақылаушының айтуынша, Президент сайлауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беруге барынша жағдай жасалған.
«Мүгедек адамдарға дауыс беруге жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға позициясын білдіруге бар мүмкіндік берілді. Мен жабық учаскеде, №4 ауруханада болдым. Ол жерде жүре алатын науқастар өздері барып дауыс берсе, төсекте жатқан науқастардың конституциялық құқығын пайдалануға да мүмкіндік берілді», - деді ол.
Виолетта Поровска дауыс санау процесіне қатысуға ынталы екенін білдірді..
Жалпы сайлауды бақылауға Алматыға 80 халықаралық бақылаушы келді.
Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Алматыда 563 сайлау учаскелері жұмысын бастады. Қала бойынша бүгінде 1 миллион 130 мың 792 сайлаушы тіркелген.