19:11, 12 Наурыз 2013 | GMT +5
Полицейлер Ақтөбе әйелдерін қолдау орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
АҚТӨБЕ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысының ІІД-інде «Ақтөбе қаласының әйелдерін қолдау орталығы» ҚБ және департамент арасында меморандумға қол қойылды.

ІІД бастығының орынбасары Қаныбек Жақсығалиевтің айтуынша, полицейлер әйелдер құқығына қатысты заң бұзушылықтың алдын алу, қылмыстардың жолын кесу жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен бірге, ІІД тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, басқа да азаматтық қоғам институттарымен әріптестік қатынастарды әрі қарай дамытуға мүдделі.