Полиция Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне жасалған қастандық туралы айтып берді

Оның айтуынша, 6 қаңтар күні кешкі сағат 21:30 шамасында Алматы қаласы әкімдігінің жанында әкім Бақытжан Сағынтаевтың да кортежіне оқ жаудырылды.
«Қастандық салдарынан «Алматы» телеканалының қызметкері қаза тауып, тағы үш адам, оның ішінде әкімдіктің екі қызметкері жараланды», - деді Қанат Таймерденов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды.
Оның айтуынша, Полиция департаментінің ғимаратын басып алуға лаңкестер 27 рет әрекет жасады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды.
Одан кейін Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар әкімдік ғимаратын басып алуға тағы да әрекеттенген.
Полиция департаментінің басшысы Алматыда лаңкестер 1347 қару ұрлағанын айтты.