Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету фактілері көбейіп келе жатыр - Алматы қалалық ІІД

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Лауазымдық міндеттерін атқару барысында полиция қызметкерлеріне қатысты тіл тигізіп қорлау, бағынбау және зорлық-зомбылық көрсетуге байланысты қылмыстарды тергеу шаралары ҚР Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынған. Осыған байланысты жеке құрам арасында заңдылық нормаларының орындалуы және полиция қызметкерлерінің азаматтар алдында өздерінің жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қолданылып жатыр. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

ҚР ҚК 378-бабына сәйкес, лауазымдық міндеттерін атқару барысында билік өкіліне тіл тигізген күдікті, 45 тәуліктен 75 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылады.

Сондай-ақ, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбаған жағдайда ҚР ҚК 379-бабына сәйкес, күдікті 40 тәулікке қамалуы мүмкін. Ал егер оқиға төтенше жағдай жарияланған жерде орын алса, онда күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Егер, күдікті билік өкіліне немесе оның туыстарына қарсы күш көрсетсе және оның бұл әрекеті олардың өміріне немесе денсаулықтарына қауіпті болмаса немесе «Зорлық-зомбылық көрсетем», - деп доңайбат жасаса, онда ҚР ҚК 380-бабына сәйкес, күдіктіге екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнеді.

Ал егер лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты билік өкілі немесе оның туыстарына қатысты өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндірілетіндей күш қолданылса, онда күдіктіге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнеді.

«Соған қарамастан, лауазымдық міндеттерін орындап жүрген полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету деректері көбейіп келе жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі ҚР Бас прокуратурасымен білесе отырып, осындай қылмыстарды тергеу барысында Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалдық кодекстің нормаларын қолдану мәселесі талқыланды. Лауазымдық міндеттерін орындау барысында полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсетудің барлық деректері бойынша күдіктілер ҚР ҚПК 128-131-бабтарына сәйкес, уақытша тергеу абақтысына жабылады. Яғни, абақтыда ұстау секілді бұлтартпау шарасы қолданылады», - деді өз сөзінде Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнингі Әлишер Тұрсынбетов.

Соңғы жаңалықтар