Полиция оқушы қызға қатысты азғындық әрекет жасаған күдіктіні ұстады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері кәмелет жасқа толмаған қызға қатысты азғындық әрекет жасаған деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«15 қаңтарда Сайрам аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция тобының мектеп инспекторына жергілікті тұрғын арызданған. Шағымда белгісіз тұлға оның қызына қатысты азғындық әрекетін жасағанын көрсеткен. Полиция қызметкері оқушының ата-анасымен барып күдіктіні анықтап ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізді», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары шағымды ҚР ҚК-нің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркеді.

Қазір күдікті қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ арнайы сараптамалар тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар