Полиция Павлодар түрмесінде сотталушының көз жұмуына байланысты тергеу жүргізуде

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық АП 162/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында болған даудан кейін 28 жастағы сотталушы қаза тапты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен осы мекемеде жазасын өтеп жатқан 36 жастағы ер адам ұсталды. Дау туып, күдікті ажал құшқан азаматты жарақаттағаны белгілі болды.  

Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар бекітілді. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар