Полицейлер халықты оң рөлді таксиге отырмауға шақырды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарды оң рөлді таксиге отырмауға шақырады. 

Полицейлер халықты оң рөлді таксиге отырмауға шақырды
Фото: freepik.com

Себебі жол апаттарының басым бөлігі дәл осындай көліктердің қатысуымен болған. 

— Әрқайсымыз жолдағы қауіпсіздік үшін жауаптымыз. Әсіресе жолаушы тасымалдауда кез келген қателіктің құны тым жоғары болады. Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға салынған тыйымға қарамастан, заңсыз тасымалдаушылар әлі де жұмысын жалғастырып, жолаушылар мен басқа да көліктерге қауіп төндіріп отыр, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Мұндай көліктерді тізгіндеу жиі жол апаттарына әкеліп соғады. Себебі оң рөлді көлік жүргізушісі жолды дұрыс көре алмай, қауіпті сәттерге тап болып жатады.

— Халықты тек қауіпсіз көлікке отыруға шақырамыз. Таңдау өзіңізде, бірақ сол таңдаудың салдары ауыр болуы мүмкін, — делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы көз жұмғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар