10:31, 12 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

12-14 қыркүйек аралығында елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Полиция заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті.
— Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды анықтау, халық көп шоғырланатын орындарды тексеру, заңнамалардың сақталуын бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Басты мақсат азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтық тәртіпті нығайту.
Айта кетелік полиция оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейткен еді.