Премьер-лига: «Ордабасы» «Астанадан» сегіз ұпайға ұзап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-лига: «Ордабасы» «Астанадан» сегіз ұпайға ұзап кетті

Аталған турды Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен Алматының «Қайраты» қорытындылады.

Кездесу барысында командалар гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Шымкенттік клуб жиі шабуыл ұйымдастырды. Оған алматылық қорғаушылар лайықты төтеп бере білді.

Ойынның 76-минутында «Қайрат» қақпасына белгіленген пенальтиді Асхат Тағыберген соға алған жоқ.

Матч тағдырын шешкен голды «Ордабасы» ойыншысы Бернардо Матич 96-минутта соғып кетті.

Осылайша шымкенттік команда қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Еске салайық, бас жүлдеден тағы бір үміткер команда «Астана» елордада «Қайсармен» 1:1 есебімен тең түсті.

Нәтижесінде «Ордабасы» командасы турнир кестесінде «Астанадан» сегіз ұпайға ұзап кетті. Шымкентік клубтың еншісінде 48 ұпай бар. Оған қоса елордалық командаға бір ойынды кем өткізген.

Сондай-ақ, дәл осындай есеп «Ақтөбе» мен «Тобыл» кездесуінде тіркелді.

Тағы бір кездесуде «Жетісу» «Мақтааралға» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетсек, 19 тамызда «Шахтер» «Оқжетпестен» 2:0, «Ақсу» «Атыраудан» 4:1 есебімен басым түссе, «Каспий» «Қызылжарға» 1:2 есебімен жол берді.