Премьер-лига: «Тобыл» «Астанадан» басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші турының кейінге қалған ойынында Қостанайдың «Тобылы» елордалық «Астанамен» кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-лига: «Тобыл» «Астанадан» басым түсті

Бүгінгі кездесу тартысты өтті. Қос команда шабуылға көбірек көңіл бөлді. Ойынның 31-минутында қостанайлық жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев өзінің командасын алға шығарды.

Ойынның екінші кезеңінде елордалық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соған қарамастан олар өз қақпасына гол жіберіп алды. Оны 57-минутта Серікжан Мужиков өзінің еншісіне жазды. Осылайша «Тобыл» елордалық клубты 1:0 есебімен жеңді.

Төртінші турдағы Ақтаудың «Каспийі» Алматының «Қайратынан» 0:3, Талдықорғанның «Жетісуы» Шымкенттің «Ордабасысынан» 2:3 есебімен жеңілген еді.

Ал Жамбыл облысының «Тараз» және Петропавлдың «Қызылжар» командалары 0:0 есебімен тең тарқасты. «Қайсар» командасы «Шахтерді» 1:0 есебімен жеңді .