Премьер-лига: «Тобыл» «Мақтаралдан» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турында «Тобыл» «Мақтаралдан» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайлық клуб биыл доп додасын сәтсіз өткізіп келеді. Қазір турнир кестесінде ортаңғы бөлігінде тұр.

Түркістан облысының намысын қорғайтын «Мақтарал» жанкүйер көңілінен шыға алмай жүр. Салдарынан турнир кестесінде соңғы орында келеді.

Бүгінгі кездесу тағдырын 69-минутта «Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноков соққан жалғыз гол шешті. Нәтижесінде қарсыласынан 1:0 еесбімен басым түсті.

Енді аталған турда «Қайрат» (Алматы) пен «Қайсар» (Қызылорда), «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары ойнайды.

Еске салсақ, 20 мамырда «Жетісу» өз алаңында «Атыраудан» 0:3 есебімен жеңілді.

Ал «Шахтер» «Ақсуды» 2:1, «Астана» «Қызылжарды» 3:2 есебімен тізе бүктірді.


Соңғы жаңалықтар