16:40, 10 Наурыз 2023 | GMT +5
Премьер-лигада «Тобыл» екінші мәрте жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 2-туры екінші ойын күнінде «Каспий» мен «Тобыл» командалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші кезеңде командалар алма-кезек шабуылға көңіл бөлді. Дегенмен діттеген мақсатына жете алмай жатты.
Көптеген сәттерде ақтаулық футболшылардың белсенділігі байқалып тұрды.
Екінші кезеңде ойыншылар гол соғатын мүмкіндік іздеді.
Ойынның 96-минутында қостанайлық клубтан Серж Дебле гол соқты.
Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде біріншіліктегі екінші жеңісіне қол жеткізді.
Енді «Атырау» мен «Қайсар», «Қызылжар» мен «Мақтарал» командалары кездеседі.
Аталған турда 9 наурызда сырт алаңда «Астана» «Жетісуды» 2:0, «Ордабасы» «Шахтерді» 4:1, «Қайрат» «Ақсуды» 3:1 есебімен сүріндірді.
Ал «Ақтөбе» өз алаңында «Оқжетпестен» 5:1 есебімен басым түсті.