Премьер-Министр Ақтөбеде жаңа мектептің ашылуына қатысты

АҚТӨБЕ.  Желтоқсанның   20-сы.  ҚазАқпарат /Қанат  Құлшыманов/ -  Ақтөбе  облысына жұмыс сапары   барысында  Премьер-Министр Кәрім Мәсімов     облыс әкімі  Елеусін  Сағындықовпен бірге   қаладағы Құрмыш  ауданында  орналасқан жаңа  №31  мектептің    ашылу   рәсіміне қатысты.
None
None

 Жалпы ауданы 12,8  мың шаршы метрді  құрайтын   үшқабатты   мектеп ғимараты  360 оқушыға арналған.   Оқу блогы 33 сыныптан,  информатика, физика,  химия,   биология кабинеттерінен, 7  шеберхана     және  спортзалдан тұрады.  Сондай-ақ 40   орындық     оқу залы бар  кітапхана, медициналық қосын және 150 орындық   асхана  бар.  Мектеп  - қазақ тілді.    Штаттық кесте  бойынша  онда  50 педагог жұмыс  істейтін болады.   Жаңа оқу орнының шаруашылық   мұқтаждықтарын  ескере  отырып,  К.Мәсімов   мектеп  ұжымына    шағын автобус кілтін табыс  етті.

 Ақтөбе әкімдігінің  мәліметі  бойынша,  мектеп     жергілікті  бюджеттің есебінен  салынып  отыр.

Соңғы жаңалықтар