Премьер-Министр: Асқар Забикулиннің ерлігі - ұрпаққа үлгі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: instagram.com/askar_zn

«Қызметтік борышын атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада дүниеден өткен елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтамыз. Оның есімі ел есінде мәңгі сақталады. Асқар Забикулиннің ерлігі - ұрпаққа үлгі», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астана қаласындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.

Еске сала кетейік, елордада көпқабатты үйде өрт болып, 3 адам, оның ішінде 1 бала ауруханаға түсті.

Ал 3 адамды құтқарған астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулинді 80% күйік шалып, жансақтау бөліміне жатқызылды.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндіруші ауруханада қайтыс болды.


Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар