Премьер-лига: «Астана» алматылық «Қайраттан» жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM  - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХІІІ турында елордалық «Астана» алматылық «Қайраттан» жеңіліп қалды.

Премьер-лига: «Астана» алматылық «Қайраттан» жеңіліп қалды
Фото: sports.kz

Аталған турда жанкүйерлер «Астана» мен «Қайрат» (Алматы) кездесуін асыға күткені рас. Еліміздің екі ірі қаласының намысын қорғайтын клубтар арасындағы ойын қашанда тартысты өтеді.

Кездесу барысында қос команда толассыз шабуыл ұйымдастырды. Кейбір сәттерде дәлдік жетіспей жатса, ендігі бірінде қақпашылар ширақ қимыл танытты.

Кездесу барысында алматылық клубтан Жоао Паоло 29, Әділет Сәдібеков 67, Дмитрий Сергей 95-минутта гол соқса, 28-минутта Кипрас Казуколовас бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Бұл күнгі тағы бір ойын «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайсар» (Қызылорда) арасында болды.

Биыл шымкенттік команда турнир кестесінде көш басында келеді. Қызылордалық футболшылар соңғы сегіз турда жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ.

Кездесу барысында «Қайсар» сапында Айбар Жақсылықов 7-минутта есеп ашса, оған Жасур Яхшобоев 53, Дембо Дарбо 84-минутта екі голмен жауап қайырды.

Шымкенттік клуб қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды.

Ал 29 маусымда «Елімай» (Семей) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» ойнайды.

Соңғы жаңалықтар