Премьер-лига: «Астана» көш басындағы командаларға жақындай түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Астана» футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кейінге қалдырылған 22-турдың ойынында Қарағандының «Шахтерін» ірі есеппен жеңді.

Бүгін елордалық клуб Алматыда көш соңында келе жатқан «Шахтер» командасын қабылдады. Ойын барысында олардың сапынан Марин Томасов 23-минутта есеп ашса, Джеффри Чинеду 25, Назми Грипши 55-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде команда турнир кестесінде бесінші орынға көтеріліп, бірінші орында келе жатқан «Ордабасы» командасына жақындай түсті.
Енді елордалық клуб 20 қазанда сырт алаңда Семейдің «Елімай» клмандасымен кездеседі.
Ал 25 қазанда сырт алаңда УЕФА Конференция лигасында Уэльстің «Нью-Сейнтс» клубымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан жастар құрамасы Шотландиядан басым түсті.