Премьер-лига: «Астана» төртінші ойын қатарынан жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-туры мәресіне жетті.

футбол
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бұл күні негізгі ойын Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен елордалық «Астана» арасында өтті.

Жанкүйерлер аталған кездесуде бас жүлде тағдыры шешіледі деп болжам жасаған еді. Алғашқы кезеңде командалар екі-екіден гол соғып, бір-бірінің адымын аштырған жоқ. Елордалық клубтан Ян Вороговский 24, Джеффри Чинеду 45-минутта мергендік танытса, оған шымкенттік клубтан Джасурбек Яхшибоев екі големн жауап қайырды.

Осылайша «Астана» басты қарсыласын 4:2 есебімен сүріндіріп, турнир кестесінде үздік үштіктегі командаларға жақындай түсті.

Ал Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Ақтөбені» 3:0 еесбімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ қарағандылық «Шахтер» семейлік «Елімайға» 1:2 есебімен жеңілсе, түркістандық «Тұран» петропавлдық «Қызылжарды» 1:0 есебімен сүріндірді.

Екінші кезеңде «Астана» сапынан Джеффри Чинеду 60-минутта тағы бір мәрте қақпаны дәл көздесе, Назми Грипши 74-минутта есепті ұлғайта түсті.

Айта кетсек, 21 қыркүйекте алматылық «Қайрат» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарынан» 1:0, «Атырау» елордалық «Жеңістен» 2:1 есебімен басым түсті.

Енді алдағы тур ойындары 3, 4 және 16 қазанда өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар